НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша.Сирияның Эль-Бабындағы бомбаның жарылуы салдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тауып, 18 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
«Евфрат Қалқаны» операциясы нәтижесінде террористерден тазартылған Эль-Баб ауданындағы көлікке жарылғыш құрылғы орнатылды.
Кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, 18 адам жарақат алды.
Зардап шеккендердің саны артуы алаңдатуда.
Жарылыстан кейін маңайдағы көптеген көлік күйреді.
Қауіпсіздік күштері бұл шабуыл КЖП-ның террористтері тарапынан ұйымдастырылғанын мөлшерлеуде.