Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстан билігі азаматтарын Сириядан әкетуін жоспарлауда

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Өзбекстан билігі Сириядағы қарулы қақтығыстар салдарынан қиын жағдайға тап болған өз азаматтарын, әйелдер мен балаларын осы елден кезекті әкетуін жоспарлап отыр, деп «Dunyo» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды.

2019 жылы Өзбекстан билігі Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймағынан 220 отандастарын, негізінен әйелдер мен балаларды қайтару бойынша екі гуманитарлық акция өткізді.

Өзбекстан делегациясы шет жерде қиын жағдайға тап болған ел азаматтарын, әйелдер мен балаларды еліне қайтару жөніндегі келесі шараның ұйымдастырушылық мәселелерін пысықтау үшін Сирия Араб Республикасында барды.

Бұған дейін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын құтқару жөніндегі гуманитарлық миссиялар Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен ЮНИСЕФ-тің қолдауымен республика департаменттерінің үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесі болды деп хабарлады.

Үйге оралған азаматтарға медициналық көмек пен психоәлеуметтік қолдау көрсетілді, білім беру және басқа да әлеуметтік бағдарламалар қол жетімді болды, соның ішінде олар  тұрғын үй мен жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *