НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша. Ирактың солтүстігіндегі Киркук провинциясында ДАИШ лаңкестері орнатқан бомбаның жарылуы салдарынан полиция қызметкері қаза тапты, деп Киркук полициясындағы дереккөзге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Лаңкестер Хавидже аймағында жол жиегіне орналастырылған жарылғыш затты іске қосқан. Бомба полиция көлігі өтіп бара жатқанда қашықтықтан іске қосылды.
Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар Әл-Ибади 2017 жылы 9 желтоқсанда Ирактағы ДАИШ лаңкестерің толық жеңгенін мәлімдеген. Алайда, Ирактағы лаңкестік шабуылдар жалғасуда.