НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Орталық Мудуг аймағында болған қиян-кескі ұрыста «Аш-Шабабтың» кем дегенде 12 содыры өлтірілді, деп жергілікті билік растады. Бұл туралы Синьхуа хабарлайды.
Мудуг аймағының губернатор Абдуррахман Али Диридің айтуынша, содырлар Бадуэйн қаласындағы әскери базаға шабуыл жасаған, бірақ қауіпсіздік күштері оларға тойтарыс көрсетіп, қуып шыққан.
«Біздің күштер содырлардың базаны басып алу әрекетін тоқтатты. Біз олардың 12-сін өлтірдік, армия шабуылдаушылардың бір бөлігін тұтқындады », — деп ол қазір әскери базаның әскери бақылауда екенін баса айтты.
Сонымен қатар, «Аль-Каиданың» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) одақтастары «Аш-Шабаб» тобы өзінің жеңісі туралы мәлімдеп, олар қысқа уақыт ішінде базаны бақылауға алып, үкіметтік күштердің екі әскери машинасын басып алғанын атап өтті.
Сомалидің оңтүстік және орталық аудандары Сомали армиясы мен Африка одағының күштері 2011 жылы тамызда Могадишо астанасынан «Аш-Шабаб» содырларын қуып шығарғаннан кейін үкімет күштері мен содырлардың арасындағы қақтығыс орындарына айналды.