НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Словения үкіметі ливандық шииттердің «Хезболла» қозғалысын террористік ұйымдардың қатарына қосты. Бұл туралы дүйсенбіде республиканың Министрлер Кабинетінің сайтында жарияланған кезекті сессиясының қорытынды хаттамасында айтылады, деп жазады ТАСС .
«Словения үкіметі «Хезболла» тобының қызметіне байланысты шектеу шаралары жөніндегі тұрақты үйлестіру тобының баяндамасын назарға алып, аталған ұйымды бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыстық және террористік ұйым ретінде тану туралы шешім қабылдады, — делінген құжатта. — «Хезболланың» қызметі ұйымдасқан қылмыспен және жаһандық ауқымда террористік немесе жартылай әскери акциялармен байланысты, оны бірқатар елдер мен ұйымдар террористік ұйым деп таныған».
«Хезболлах» — Ливанда орналасқан шиит исламшыл қозғалысы. Ол Израильде, АҚШ-та және Еуроодақта , сондай-ақ Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің мүшелерімен және басқа да бірқатар елдерде террористік ұйым ретінде танылды.»Хезболлаға» қатысты американдық санкциялар қолданылады.