НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Өзбекстан азаматтарын Сириядағы «Таухид және Джихад катибасы» халықаралық террористік ұйымының қатарына жіберумен айналысып келген адам қолға түсті,деп Ішкі істер министрлігінің ақпарат қызметіне сілтеме жасап Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлайды.
1996 жылы Самарқанд облысында туған О.Хашимов 2019 жылы Египет Араб Республикасында оқуы барысында халықаралық террористік ұйым жетекшілерінің идеологиялық ықпалына түсіп, ол жерде елден діни білім алу үшін барған жастар арасында өзінің ақидалық идеяларын насихаттап, оларды Сирия мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін «Таухид және Джихад катибасы» халықаралық террористік ұйымының қатарына қосылуға шақырып келген.
Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен атаулы халықаралық террористік ұйымының қызметі Өзбекстан аумағында тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілген.
Осы жағдай бойынша тергеу істері басталып, күдікті қамауға алынды және Оның ұялы телефонының жадында экстремистік материалдардың бары анықталып, теркіленген.
Қазірде оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.