Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция билігі мешіттер мен намазханаларды бақылауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Франция билігі мешіттер мен мұсылмандардың намазханасын жаппай тексеруді бастады. Ішкі істер министрі Джеральд Дарманеннің айтуынша, экстремизмге шақырушылар анықталса олар жабылады. Бұл туралы BBC сайтына сілтеме жасап factcheck.kz хабарлады.

Бір аптадан кейін Францияның экстремизм туралы жаңа заңы жайлы белгілі болады. Қазан айында болған террористік шабуылдарға билік осындай шара қолданып жатыр. Осыған дейін Париж маңындағы қалада Самуил Патидің басын шауып өлтірген еді.

Дарманен Франция БАҚ-тарына 76 мешіт пен намазхана бақылауға алынатынын айтты. Оның ішінде 16-сы Парижде тексеріледі.

Тексеру барысында инспекторлар мешіттерді кім қаржыландыратынын, имамдардың кіммен байланыста екенін және құран оқу мектептерін бақылайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *