НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. Коста-Риканың құқық қорғау органдары елдің Кариб жағалауындағы Лимон провинциясында кокаиннің ірі партиясын қолға түсірді. Бұл туралы республиканың қоғамдық қауіпсіздік министрлігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Бейсенбі күні басталып бүгін аяқталған құрлықта, суда және ауада өткізілген есірткіге қарсы операция барысында қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері 2,5 тонна кокаин тәркіледі және Лимон провинциясының Плайя-Бонита аймағында алты адамды ұстады», — делінген жазбада.
Ұсталған контрабандистер, оның ішінде Гондурастың төрт азаматы прокуратураға тапсырылды. Егер сот оларды кінәлі деп тапса, онда олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2019 жылы Коста-Рика билігі шамамен 34 тонна кокаин мен тоғыз тоннадан астам марихуананы тәркілеген.