НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. АҚШ президенті Дональд Трамп американдық контингенттін басым бөлігін Сомалиден шығаруға шешім қабылдады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігіне және Африка қолбасшылығына 2021 жылдың басында американдық әскерлерді Сомалиден шығаруға бұйрық берді.
АҚШ қорғаныс министрлігі жазбаша мәлімдеме жасап, Сомалиден шығаралатын контингенттің көп бөлігі Кения мен Джибутиге қайта орналастыратынын көрсетті.
Сомалиде 700-ге жуық американдық әскери бар.
Трамп қорғаныс министрі етіп тағайындаған Кристофер Миллер Өткен аптада осы жылдың 3 қарашасында күтпеген жерден Сомалиге сапармен барды.
Президент Трамп Ауғанстан, Ирак және Сомалидегі АҚШ әскерінің саны азаяды деп бірнеше рет мәлімдеген.