НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Сирия мен Ливияда орналасқан «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) халықаралық лаңкестік тобының содырлары Рождество қарсаңында Еуропа елдерінде бірқатар лаңкестік шабуылдар дайындауда. Бұл туралы британдық барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Аймен Динге сілтеме жасай отырып, Daily Mail басылымы жазадығ деп kazislam.kz хабарлайды.
Бұрынғы МИ-6 қызметкерінің айтуынша, лаңкестер жақын арада Германия, Франция және Ұлыбританияға Түркия аумағы арқылы кіруге тырысады. Лаңкестік шабуылдар француз Charlie Hebdo журналында Мұхаммед пайғамбар туралы карикатуралардың жариялануына байланысты кек алу үшін дайындалған деген болжам бар.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасында Париждің маңында сөз бостандығы туралы сабақтарда Пайғамбар туралы карикатураларды көрсеткен тарих пәнінің мұғалімі Самюэль Патидің басын кескен болатын. Осыдан кейін француздық Ницца мен Австрияның Вена қаласында он шақты адамның өмірін қиған тағы екі лаңкестік әрекет болды.