НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Ирактың федералды полициясы Киркукта терроризмге қарсы операция жүргізуде, деп Киркук полициясының бастығы Али Кемалға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Ирактың солтүстігіндегі Киркук провинциясындағы Гарха алқабында ДАИШ террористерінің алты баспанасы жойылды.
Кемалдың айтуынша, операция Киркуктың оңтүстігіндегі Ар-Рашад елді мекенінің маңында жүргізілуде.
Террористердің баспанасынан көптеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен тұрмыстық заттар тәркіленді.
Аймақта федералды полиция операциясы жалғасуда.
2014 жылдың маусымында ДАИШ террористері Мосул қаласын, Салахаддин және Аль-Анбар провинцияларын, сондай-ақ Дияла және Киркук провинцияларының бөлігін басып алды.
Келесі жылдар ішінде бұл аудандар террористерден босатылды.
Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылдың 9 желтоқсанында ДАТШ-ты жеңгенін жариялаған.
Үш жыл өтсе де, ДАИШ Киркук, Дияла, Мосул, Салахаддин және Аль-Анбар провинцияларындағы ауылдарға шабуылдарын жалғастыруда.