НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Сейсенбі күні Сирияның оңтүстік-батысындағы Эль-Кунейтра провинциясында бірнеше жарылыс болды, құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы «Аль-Ихбария» жаңалықтар арнасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Арнаның мәліметінше, жарылыстар бүгін таңертең тастанды қалған және едәуір қираған Эль-Кунейтра қаласының оңтүстік шетінде естілді.
Жарылыстар Израильмен шекаралас жерде болған. Олардың себептері әлі белгісіз.