Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО-ның полицейлері алты есірткі тасымалдау каналын әшкереледі

ӨСКЕМЕН, 08 желтоқсан. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері алты есірткі тасымалдау каналын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 240 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 154-і есірткі саудасына қатысты болып отыр. Жалпы облыс бойынша түрлі есірткінің 281 келісі (оның 263 келісі марихуана) тәркіленген. Сондай-ақ алты есірткі тасымалдау каналы әшкереленді (Алматы қаласынан — 4, Нұр-Сұлтан қаласынан және Жамбыл облысынан — 1-ден).

«Барлығы 5 қылмыстық топтың жолы кесілді. Құрамында 5 адам болған бұл топтардың бірінен 3,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Енді бір топтан 169,5 грамм «жылдамдық» атты психотропты зат табылса, қалған 3 топтан 75 келі марихуана мен 10 келі гашиш тәркіленді. Бұдан бөлек, есірткіні Қазақстан шекарасы арқылы Ресейге өткізу фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары психотропты заттар сатылатын жерлер көрсетілген 112 граффити суретті жойған. Әлеуметтік желілерде есірткіні насихаттаумен және таратумен айналысқан 73 аккаунт бұғатталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *