НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Полиция сәрсенбі күні Вашингтон штатындағы Спокейн қаласында АҚШ Демократиялық партиясының штаб-пәтеріне баса көктеп кіріп, оны жарып жіберемін деп сес көрсеткен ер адамды ұстады. Бұл туралы ABC телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, ер адам сымдар шығып тұрған рюкзакпен демократтардың кеңсесіне кіріп, оны жарып жіберу ниетін айтты. Кеңседе оқиға кезінде бір қызметкер болды.Шабуылдаушы ғимаратты өртемекші болды, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.
Полиция ғимаратты қоршап алғаннан кейін, ер адам шығып, қарсылықсыз берілді, рюкзактан жарылғыш зат табылған жоқ.