Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей мен Өзбекстан бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Ресей әскери қызметкерлері Өзбекстанға бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға ұшып келді, деп Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

Маневрлер республика аумағында 9 желтоқсанда басталып, 12-не дейін жалғасады.

Ресейлік әскери қызметкерлер Екатеринбургтен Термезге әскери-көлік ұшағымен жеткізілді.

Солдаттарды жергілікті тұрғындар жылы қарсы алды. Олар әскери қызметшілерге жергілікті ұлттық тағам — бал мен жаңғақ қосылған шелпек ұсынды.

Кейін бөлімшелер шартты жаудың тылында бірлескен операция жүргізетін полигонға аттанды.

«Әскерилер тікұшақтардан десант түсіріп, барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізеді, тапсырманы орындағаннан кейін топтарды эвакуациялауды жүзеге асырады, сондай-ақ аса маңызды объектілерді күзету және қорғау, диверсиялық топтарға қарсы іс-қимыл мәселелерін пысықтайды», — делінген хабарламада.

Оқу-жаттығуға Самара және Новосібір облыстарынан Орталық әскери округтің арнайы жасақтары қатысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *