НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Түркиямен шекаралас Расулайн қаласындағы оппозициялық Сирия ұлттық армиясының бақылау-өткізу бекетіндегі лаңкестік әрекет салдарынан екі адам қаза тауып, алты адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Расулайн қаласына кіре берістегі бақылау-өткізу пунктінде бомба қойылған көлік жарылды.
Лаңкестік шабуылды YPG / КЖП лаңкестік ұйымының содырлары жасады деп болжануда.
Расулайн қаласы лаңкестерден 2019 жылдың 12 қазанында Түркия қолдаған «Бейбітшілік қайнары» операциясы кезінде босатылды.