НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ауғанстан президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб ауғанаралық келіссөздерді Дохада емес Ауған аумағында жалғастыруға ниет білдірді, деп жазады Анадолу агенттігі.
Ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысының өкілдері(ҚР-да тыйым салынған ұйым) арасындағы келіссөздердің қалған кезеңдерін Ауғанстанның өзінде ұйымдастыру керек, деп жазды Мухид әлеуметтік желілерде.
«Ауғанстан үкіметі «Талибан» қозғалысы келіссөздер үшін ұсынатын кез-келген орынды қарастырада. Шет елдердегі келіссөздер шет мемлекеттердің ықпалымен жүргізілді. Мұндай жағдай Ауғанстанның мүддесіне сай келмейді», — деп есептейді Мухиб.