НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Бейсенбіге қараған түні Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатында белгісіз бір топ қарулы адам кем дегенде жеті адамды өлтірді. Бұл туралы аймақтың Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер министрлігінің комиссары Сэмюэл Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, қаруланған адамдар, Зангон-Катаф аймағындағы ауылға жаппай шабуыл жасаған. Бір адам жарақат алды, 13 үй мен екі дүкен өртенді.
С.Аруван қауіпсіздік күштері шабуылға дереу жауап беріп, қазір шабуылдаушыларды қуып жатқанын айтты.
Кадуна штатында қарақшылық, адам ұрлау және басқа да қылмыстар көптеген жылдар бойы жиі болып тұрады.