НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Жексенбі күні Ауғанстан астанасының 5-ші полиция округінде болған жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
Министрліктің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Кабулдың 5-ші полиция округіне қарасты Спин-Кули маңында болған, салдарынан «сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 15 адам, соның ішінде бір парламент мүшесі жарақат алды».
Мәлімдемеде зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар болғандығы атап өтілген.
Жарылыс үшін белгілі бір топты кінәламай, Ішкі істер министрлігі бейкүнә бейбіт тұрғындардың өмірін қиған лаңкестік әрекеттің артында «Ауғанстанның жаулары мен лаңкестер тұр» деп мәлімдеді.