Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде  93-орын алды

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Терроризм қаупінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынға ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Индекс 0,901 құрады, бұл көрсеткіш өте төмен тәуекел деңгейіне жатады. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде қақтығыстар мен террористік актілер жиірек болады. Егер индекс нөлге тең болса, елде терроризм қаупі жоқ дегенді білдіреді.

Ең қауіпті елдер рейтингінің басында Ауғанстан, Ирак және Нигерия тұр.

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында экстремизм мен терроризмге байланысты 189 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,9% аз. 2019 жылғы қаңтар-қазанда 222 жағдай тіркелген. Экстремизм мен терроризмге қатысты құқықбұзушылықтардың көпшілігі Түркістан облысында және Алматыда тіркелген (29 оқиғадан).

Сондай-ақ тізімге Шымкент (19 құқықбұзушылық) және Нұр-Сұлтан (15 жағдай) енді.

Құқықбұзушылықтар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында аз тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *