Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да діни мазмұндағы материалдар таратқан ер адам жарты млн теңге айыппұл төледі

ПЕТРОПАВЛ, 22 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан діни заңнаманы бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған деректердің басым бөлігі діни мазмұндағы материалдарды таратумен және сатумен байланысты.

Петропавлдың 56 жастағы тұрғыны 500 мыңнан астам теңге айыппұл төледі. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның «YouTube» және «ВКонтакте» арналарына діни мазмұндағы бейнематериалдар салғаны анықталды. Ол биыл дәл осындай құқық бұзушылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Алайда, одан сабақ алмай, діни мазмұндағы аудиофайлдарды таратуын тоқтатпаған.

Сондай-ақ, діни кітаптарды сатқаны үшін желтоқсан айында тағы екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар әдебиеттерді «OLX» сайтында саудалаған. Сот оларға айыппұл салды.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы заңнамасының 9-бабына сәйкес, діни әдебиеттерді, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда ғана таратуға рұқсат етілгенін еске саламыз. СҚО әкімдігінің қаулысына сәйкес, бүгінгі күні СҚО аумағында осындай 15 нысан жұмыс істейді», — дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *