Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда өте қауіпті синтетикалық есірткі сатушысы ұсталды

АТЫРАУ, 26 желтоқсан. Атырауда полиция қызметкерлері сатуға дайындалған синтетикалық есірткінің 650 дозасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторлары облыс орталығы ықшам аудандарына бейнемониторингі жүргізу барысында ұялы телефонымен айналасын түсіріп жүрген, күдікті көрінген жас жігітке бірден назар аударды.

Департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұсталған жігіт көршілес Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты, ол Атырауға синтетикалық есірткіні бетбелгілер (закладки) арқылы сату үшін арнайы келгені белгілі болды.

– Жеке басын, сондай – ақ тұрғылықты мекен жайын тінту кезінде күшті әсер ететін пирролидиналерофенон препараты (альфа-ПВП) табылып, алынды. Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 208 граммды құрады. Ал одан 650 астам доза дайындалады, – деп атап өтті Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ, оның осындағы тұрып жатқан мекен жайынан есірткіні өлшейтін таразы және буып-түю және т.б әртүрлі құрылғылар табылып, алынды. Қазіргі уақытта 25 жастағы азамат соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қала тұрғындарынан, синтетикалық есірткі заттарын бетбелгі (закладка) арқылы таратуды көріп, байқаған жағдайда, полицияның сенім телефонына 98-21-36, 98-20-70 нөмірлері бойынша немесе 98-21-55 кезекші бөліміне немесе “102” нөміріне қоңырау шалып, хабарлау сұралады.

Анықтама: Пирролидиновалерофенон – әртүрлі тәсілдермен қолданылатын синтетикалық өте қауіпті психостимулятор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *