НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясының Анардере ауданына шабуыл жасады, деп хабарлады Анадолу агенттігі.
Тадж провинциясының губернаторы Мұхаммед Джахидтің журналистерге берген сұхбатында тәліптер Анардере орталығында бомба қойылған машинаны жарып, содан кейін оқ жаудырғанын айтты.
Шабуыл салдарынан бір тәртіп сақшысы қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды.
Джахидтің айтуынша, атыс кезінде көптеген содырлар өлтірілген.
«Талибан» қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.