НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басьян аймағында КЖП-ның сегіз террористерін залалсыздандырды, деп жазады Анадолу агенттігі Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Операциялар террористер толығымен жойылғанға дейін жалғасады»,- деп атап өтілді министрлікте.
КЖП террористері Түркиядағы жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттілікке нұқсан келтіруге бағытталған террористік шабуылдыр жасайды.
Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.
АҚШ пен Еуропа Одағы PKK-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.
Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.
Сирияда РКК лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.
Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.