НҰР-СҰЛТАН, 01 қаңтар. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа 2021 жылмен құттықтайды!
Ескі жылдың қайғы — мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, Жаңа жылды көтеріңкі көңіл — күймен, таза, тың ойлармен қарсы алдық.
Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Жаңа жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейміз.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын!