НҰР-СҰЛТАН, 05 қаңтар. Алжирдің қорғаныс министрлігі өткен жылы операциялар барысында 21 лаңкестің залалсыздандырылғанын және 16 лаңкестің ұсталғанын хабарлады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Алжирде 2020 жылы терроризмге қарсы операциялар барысында 21 лаңкестің көзі жойылды, 16 содыр ұсталды.
Министрліктің мәлімдемесінде былтыр лаңкестік ұйымдарды қолдайтын 108 адамның ұсталғаны айтылған.
Сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар барысында 80 бірлік автоматты қару, 249 бірлік аңшылық мылтық, 74 оқ-дәрі қоймасы және 64 410 оқ тәркіленді. Сонымен қатар, лаңкестердің 251 баспанасы, 391 мина және 831 кг жарылғыш зат жойылды.