НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Сирияның солтүстігінде Эль-Баб қаласында қараша айында болған лаңкестік шабуылға байланысты 11 адам қамауға алынды, деп жазады Анадолу агенттігі.
Былтыр қараша айында Сирияның Эль-Баб қаласында болған жарылыстан алты адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.
Түркияның Газиантеп провинциясы әкімшілігі КЖП (PKK – YPG) лаңкестік ұйымының Сирия қанатымен байланыста күдікті адамдардың сот шешімімен қамауға алынғанын хабарлады.
2020 жылдың 24 қарашасында Эль-Бабтың каббасин аймағында бомба орнатылған көлік жарылды. Қаза тапқандардың арасында екі тәртіп сақшысы бар.
Тоғыз қарулы лаңкеске іздеу жұмыстары жалғасуда.