НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Францияның Рьом коммунасының (Пюи-де-Дом департаменті) мектеп басқармасы мұғалімдерге төнген қауіп-қатерге байланысты оқу орнын уақытша жабуға бұйрық берді. Бұл туралы мектеп әкімшілігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Оқушылар мен мұғалімдерді қорғау үшін біз лицейді келіп түскен қорлау мен кісі өлтіру қаупіне байланысты жабуға шешім қабылдадық», — деді мектеп өкілі.
Өз кезегінде Клермор-Ферран қаласының прокуроры Эрик Майо «полиция келіп түскен қоқан-лоққыларға байланысты тергеу амалдарын бастады» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, осы мектептің 15 жастағы оқушысы ұсталған. Демалыс күндері тағы бір жасөспірім ұсталды, бірақ көп ұзамай босатылды.
Прокурордың айтуынша, Рьом мектебінің мұғалімінің қауіп-қатер туралы алғашқы хабарламаларды өткен аптада электронды пошта арқылы ала бастады. Майо атап өткендей, соңғысы «жиһадизммен байланысты бейнелерді қамтыды».