НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Лаңкестер жарылғыш затты таксиге орнатты, деп Кандагар полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Джемал Насыр Барикзейге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында бір адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды.
Барикзейдің айтуынша, жарылыс Чоней үезінде болды: лаңкестер бомбаны таксиге орнатты.
Әзірге ешқандай топ шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.