Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Cұлтан полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Елорда аумағында жүргізілген арнайы операция барысында қалада есірткі сатумен айналысып келген 2 адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын сату үстінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінің ауласын тінту барысында гашиш есірткісі буып-түйілген 8 полиэтилен шағын пакет, ал үйінен салмағы 600 грамм гашиш салынған екі полиэтилен пакет табылды», — делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері саяжай аумақтарының бірінде елордаға есірткі жеткізуші 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Үйін тінту барысында сатуға дайындаған жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайтын каннабис шайыры салынған 50 сіріңке қорабы тәркіленді.

Екі күдіктіден тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 келіні немесе 3 500 реттік доза гашишті құрайды.

«Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде», — деді департаменттен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *