Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мефедрон сатқан екі Петропавл тұрғыны сотталды

ПЕТРОПАВЛ, 18 қаңтар. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер синтетикалық есірткі мефедрон таратып жүрген есірткі тобы әрекеттерінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл Петропавлда айналымнан алғаш алынған қауіпті есірткі препараттарының бірі. Полицейлер қылмыс жасағандары үшін 29 жастағы петропавлдық пен 19 жастағы қала тұрғынын ұстады, олар осы жылдың қаңтар айында 12 мен жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Күдіктілер өткен жылдың жазында ұсталған.

Жедел уәкілдер анықтағандай, облыс орталығының тұрғыны Омбыдан транзитпен Петропавл арқылы Көкшетау қаласына синтетикалық есірткіні жеткізуді ұйымдастырған. Аквафор құтыларының сүзгілеріне буып-түйілген тауар логистикалық қызмет арқылы жеткізіліп отырған. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан барлығы 200 грамға жуық есірткі алынған, бұл аса ірі мөлшердегі болып табылады. Алынған осы заттар жүздеген жастың тағдырына балта шабар еді, бұл интернет-ресурстар арқылы алдастырып, пайда көздеген есірткі дилерлерінің құйтұрқы әрекеті. Алынған есірткі заттарының бір бөлігі Петропавл қаласының жас тұрғынынан табылды, тергеу анықтағандай, ол дозаларға буып-түйіп, қалада түрлі жерлерге жасырып отырған. Есірткі курьерлері телеграмм-канал арқылы байланысқа шыққан.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыс жасағаны үшін ұсталғанның екеуі де сотталды. Ер адам барлық істің үйлестірушісі болып табылады, белсенді хабарлама жазысып, байланысқа шығып, сәлемдемені қайда, кімге және қашан жіберу керектігіне нұсқау берген. Сотта заттай дәлелдемелер ұсынылды, – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Иван Терзиди.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *