НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Сомалиде «Аш-Шабаб» ұйымы Төменгі Шабалле қала әкімі Абдулкадир Сидидің конвойына ұйымдастырылған қарулы шабуылда 6 әскери қаза тапты, деп хабарлайды TRT.
Қауіпсіздік қайнар көздерінен алынған мағлұматқа қарағанда Сиди мінген конвой кеше таңғы уақыттарда әужайына бара жатқан кезде қарулы шабуылға ұшырайды.
Шабуылда Сиди аман-есен құтылса, 6 әскери қызметкер қаза тапты және 4 жарақат алды.Жарақат алған әскерилер тікұшақпен Могадишоға жеткізілді.
Шабуылдың жауапкершілігін «Аш-Шабаб» террор ұйымы өз мойнына алды.