НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Дағыстанда жергілікті тұрғын Солтанбий Биймурзаев терроризмді қаржыландыру бабы бойынша күдікке ілінген . Ол Сирияда содырлар жағында соғысқан туысына көмек көрсетті, деп 19 қаңтарда Солтүстік Кавказ федералды округі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлады.
Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың мамыр айында айыпталушы Мәскеуде жүргенде «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (ҚР тыйым салынған ұйым) қатысу үшін Сирияға кеткен өзінің туысы — Дағыстан тұрғынының шотына ақша аударған. Сонымен бірге, ақша жіберу кезінде Солтанбий Биймурзаев туысының немен айналысып жүргенің білгеннің және «осы ұйымның террористік қызметіне оны қаржыландыру арқылы көмектесуге тікелей ниет білдіргенің» сот дәлелдеген.
Сот Биймурзаевқа үкім шығарды, оған сәйкес ол жалпы режимдегі колонияда екі жыл жазасын өтейді және, 200 мың рубль көлемінде айыппұл төлейді.