Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның батыс бөлігіндегі содырлардың шабуылынан үш адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында белгісіз содырлар әскери көлікке оқ жаудырды, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

 «Жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де екі белгісіз қарулы содыр Герат қаласында әскери көлікке оқ жаудырды, оқиға орнында үш әскери қаза тапты, оның ішінде бір офицер мен екі сарбаз бар», — деді жергілікті полиция өкілі Абдул Ахад Уализада.

Шабуылшылар атыстан кейін оқиға орнынан қашып кетті.

Сонымен бірге, аты-жөнін атамауды сұраған дереккөз шабуылда төрт қауіпсіздік қызметкері де жараланғанын айтты.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Ешқандай ұйым немесе адам бұл қанды шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *