Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда есірткі сататын сайттарды жарнамалаған азаматша құрықталды

АТЫРАУ, 21 қаңтар. Атырау полицейлері есірткі сататын сайттарды жарнамалаған азаматшаны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында белгісіз біреудің үй қабырғалары мен қақпаларына есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын бірнеше сайттың атауын жазып, жарнамалағаны анықталды.

12 қаңтар күні полиция қызметкерлері осы істі жасауға күдікті 33 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 299-1-бабының 1-бөлігімен  (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпаратты ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *