НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Бейсенбі күні Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы шабуылдар салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстың ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Сэмюэль Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оқиға Чикун, Гива және Игабидің жергілікті әкімшілік аумағында болды.Чикунда екі адам, Гива мен Игабиде бір-бір адам қаза тапқанын мәлімдеді шенеунік.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы айларда Нигерияның солтүстігінде қарулы топтардың шабуылдары бірнеше рет болды.