Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ ФҚҚ Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды, деп ведомство сайтында хабарланады .

Жүргізілген  шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл дайындап жатқан 1995 жылы туған Ресей азаматы ұсталды.

Жабдықталған құпия орнынан оқ-дәрілері бар атыс қаруы, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының компоненттері, ал қолданылған байланыс құралынан — оны жасау жөніндегі нұсқаулық және қылмыстық ниеттерін әшкерелейтін шетелде орналасқан «Хайат Тахрир аш-Шам» халықаралық терроризм ұйымының эмиссарларымен хат-хабарлар табылды.

Қазіргі уақытта тергеу органдары процессуалдық шешім қабылдауда.

Тергеу мүддесі үшін террористтің жеке басы жария етілмеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *