НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагардағы бомбалы шабуылда 6 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп TRT хабарлайды.
Кандагар провинциясының Майванд ауданына қарасты Мирахур ауданында жолдың бойына орналастырылған бомба бейбіт тұрғындар мінген автобус өтіп бара жатқанда жарылды.
Бомбалы шабуылда 6 адам жарақат алды.
Әзірге шабуылды ешкім мойындаған жоқ.