НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Сенбі күні Нангархар провинциясындағы застава маңында болған жарылыс салдарынан кем дегенде Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Провинция губернаторы кеңсесіндегі дереккөздің хабарлауынша, Шерзад ауданындағы армия бақылау бекетінің жанында жарылғыш затқа толы автокөлік жарылған.