НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. «Имарат Кавказ» (Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының шешімімен террористік деп танылды және Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған) террористік қоғамдастығының жетекшілері мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде Ресей Тергеу Комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасында Күрейш Джандигов, Ислам Жандигов, сондай-ақ Адам Хашиев ұсталды, деп Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі С.Петренко мәлімдеді.
Оларға 208 бабының 2 бөлімінде (заңсыз қарулы топтың қызметіне қатысу) және 205.5 бабының 2 бөлімінде (террористік ұйымның қызметіне қатысу) қарастырылған қылмыстар жасағаны үшін айып тағылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылы Хашиев, Джандигов және Жандигов іздеуде жүрген «Имарат Кавказ» террористік ұйымының мүшелеріне қолдау көрсетті, оларға жасырын баспана тауып, ауданда барлау жүргізіп және республика ішінде қауіпсіз қозғалысты, қару-жарақ тасымалдауын және тамақпен қамтамасыз етті.
Айыпталушылардың бірі атыс қаруы, оқ-дәрі және қолдан жасалған жарылғыш зат жысырылған құпия орынды көрсетті.
Тергеу ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауды сұрайды.
Тергеу Ресей ФҚҚ мен Ингушетия Республикасы бойынша Ресей ФҚҚБ бірлесіп жүзеге асырылуда.