НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында КЖП-ның 10 содыры залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT жазады.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Кандил аймағында КЖП-ның содырларының анықталғанын білдірді.
Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында анықталған КЖП-ның 10 содыры Түрік Қарулы күштері және Ұлттық барлау ұйымының әуе операциясымен залалсыздандырылды» делінді.