НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Күрдістан жұмысшы партиясы 13 азаматты шәйіт еткен Ирактың солтүстігіндегі Гарадағы үңгірінде көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп TRT агенттігі жазады.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) әлеуметтік медиа арқылы жасаған хабарламасында «Адамзаттың жауы КЖП-ның біздің бейбіт тұрғындарымызды опасыз шәйіт еткен Гарадағы үңгірінде террористтерге тиесілі көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді» делінді.
Хабарламада қару-жарақ пен оқ-дәрілердің фотосуреттері бөлісілді.