НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.Ауғанстанның солтүстігіндегі Фаряб провинциясында Алмар ауданында жасалған бомбалы шабуылда 7 полиция қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Фаряб Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Абдулкерим Юриш Алмар орталығында жолдың шетіне орналастырылған бомбаның полиция көлігі өтіп бара жатқан кезде жарылғанын білдірді.
Юриш шабуылда 7 полицияның қаза тапқанын атап көрсетті.
Шабуылды қазірше ешкім мойындаған жоқ.