НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП/РКК) террористік ұйымының материалдық-техникалық жабдықталуына жауапты, жетекшілерінің бірі Ибрахим Парым [кодталған аты «Лашер»] Түркия сотымен қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі жазады.
Террорист Ирактың солтүстік-батысындағы Синджар аймағында түрік арнайы қызметтері жүргізген операция кезінде ұсталып, 10 ақпанда Түркияға жеткізілді.
Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін Парым Анкара сот ғимаратына жеткізіліп, «қарулы террористік ұйымға қатысы бар» деген айыппен қамауға алынды.
Жауап алу кезінде содыр КЖП қатарындағы террористік әрекеттер және оның бірқатар қызметкерлері туралы айтты.
Парым КЖП қатарына 2015 жылы қосылды.
Сонымен қатар ол тонау және есірткі сату фактілері бойынша да іздеуде болған.
КЖП террористері өздері туралы алғаш рет 1984 жылы жариялады.
АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.
Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.