НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Американдық Вирджиния штатында есірткінің халықаралық айналымына қатысы бар деген күдікпен Қортық атымен танымал мексикалық есірткі бароны Хоакин Эль Чапо Гусман Лоэраның әйелі ұсталды. Бұл туралы АҚШ әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Есірткі баронының әйелін, 31 жастағы Эмма Коронель Аиспуроны Вирджиния штатындағы Вашингтон Даллес халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері ұстады. Әйел халықаралық есірткі айналымымен тікелей байланысты деп болжанады. Сонымен қатар, Аиспуро бірнеше жыл бұрын жұбайының түрмеден қашуды ұйымдастыруға қатысы бар деп күдіктелуде.
Естеріңізге сала кетейік, мексикалық есірткі иесі Гузман Лоэра АҚШ-тағы ең іздестірілген қылмыскер. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып, тағы 30 жылға сотталды. Ол есірткі саудасын ұйымдастырумен, кісі өлтірумен және атыс қаруын заңсыз иеленумен байланысты болды.