Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылдық полицейлер бір күнде 5 ірі есірткі тасымалдаушысын анықтады

ТАРАЗ, 25 ақпан. Жамбыл облысында «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы жүруде, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері түрлі есірткі құқық бұзушылықтарының 8 дерегін анықтады. Олардың 5-еуі – аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсаттан тыс қолдану.

«Шараның алғашқы күнінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады. Бір күнде заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін «Прозерин-Д» дәрісінің 10 ампуласы, «Дигоксин» дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын «Трамадол» дәрісінің 13 орамы тәркіленді», делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *