Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі Калининград облысында террористік актінің алдын алды

НҰР-СҰЛТАН, 05 наурыз.  Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Калининград облысындағы энергетика объектісінде террористік актінің алдын алды. Шабуылды, қазіргі билікке деген жеккөрушілік негізінде жоспарлаған, сондай-ақ аймақ тұрғындарын террористік әрекеттерге қатысуға тартқан Ресей азаматы ұсталды, деп РФ ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығы  хабарлады.

 «Ұсталғанға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабы 1.1 бөлімі («Террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.», — деп хабарлады басқармада.

Оның тұрғылықты жерінен қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасау жөніндегі нұсқаулық және жарылғыш заттарды синтездеуге арналған компоненттер, сондай-ақ Ресейдің атқарушы және заң шығарушы органдарына қатысты қорлайтын мазмұндағы материалдар табылды.

ФҚҚ аймақтық департаменті ТАСС-қа хабарлағандай, ұсталған адам Калининград маңындағы Гурьев қалалық округіндегі «Северная» қосалқы станциясында теракт жасамақ болған. Күдікті ФҚҚ-не оның мінез-құлқы туралы хабарлаған азаматтардың қырағылығының арқасында ұсталды.

Күдікті 42 жаста, үйленген, кәмелетке жеткен баласы бар. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *