Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан полицейлері есірткі тасымалдаушысын ұстады

ТҮРКІСТАН, 10 наурыз. Полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 13 келіге жуық марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және Түлкібас АПБ инспекторлары бірлесіп, арнайы операция нәтижесінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз тасымалдаған күдіктілерді ұстады. Жедел-іздестіру шаралары барысында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 649 шақырымында Жамбыл облысы тұрғынының басқаруындағы “Ауди” маркалы автокөлік тоқтатқан. Жедел уәкілдер тінту кезінде автокөлік салонынан арнайы хош иісі бар өсімдік тектес есірткі заты бар қап пен полиэтилен пакетін тауып алды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, есірткі заты жалпы салмағы 13 кг жуық “кептірілген марихуана” екені анықталды.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын және есірткіні жеткізу арналарын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны, сақтағаны және өткізгені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Жоғарыда аталған баптың санкциялары үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Е

гер, сіз, есірткінің заңсыз айналымына байланысты осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын өткізу және тарату фактілері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға “102” телефоны бойынша хабарласыңыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *