НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Сомали астанасы Могадишода сәрсенбі күні лаңкестік шабуыл салдарынан бір адам қаза болып, үшеуі жараланды.Бұл туралы Anadolu агенттігіне Африка республикасының қауіпсіздік күштеріндегі ақпарат көздері хабарлады.
Жарылыс 10 наурыз күні таңертең елорданың Каран ауданында болды.
Террористер жарылғыш затты Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері жүретін жолға орнатқан.
Жарылыс болған жерге қауіпсіздік күштерінің жасақтары жіберілді.
Әзірге ешқандай топ шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
«Аш-Шабаб» ұйымы Сомалидегі қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасайды.