НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Лаңкестік шабуылды жоспарлаған содыр Махачкаладағы терроризмге қарсы операция кезінде жойылды.Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығының хабарлауынша содырдан автомат пен жаңкештінің белбеуі табылған.
11 наурызда Дағыстанда лаңкестік әрекетке дайындықтың жолын кесу бойынша терроризмге қарсы операция барысында қарулы қарсылық көрсеткен бандит залалсыздандырылды.
«Атыс орнында оқшашар, оған арналған көп мөлшердегі оқ-дәрі және «жаңкешті белбеуі»түріндегі қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш зат табылды.
Бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының арасында құрбандар жоқ.
Қауіпсіздік органдары қажетті жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін жүргізуде.